9 қарашада "№ 21 орта мектеп" КММ «Жаңартылған білім мазмұнына 1-ші, 5-ші сынып оқушыларының бейімделуі» педагогикалық кеңесі өткізілді, онда бастауыш сынып мұғалімдері, 5-сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдері, педагог-психолог және директордың ТЖ жөніндегі орынбасары сөз сөйледі. Сынып жетекшілері өз оқушыларына мінездеме берді, тұлғалық сапаларын бейнеледі және назарды қайда аударуды көрсетті. Психолог оқушылардың бейімделу кезеңі қалай өткеніне зерттеу жүргізді. Директордың орынбасары сыныптарға жалпы баға берді және келешектегі жұмыс бойынша ұсыныстар жасады.