Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1515608258


"№21 орта мектеп" КММ
  • kz
  • ru
  • en
  • Статьи

    Сіздің балаңыз дөрекі сөйлейді, ата-аналарына дауыс көтереді, тәртіпке бағынбауын ашық көрсетеді. Демек, ата-аналардың баласы алдында беделі жоқ. 

    Анықтап алайық, «бедел» сөзінен не түсінеміз. Кейбір ата-аналарға бедел — бұл бір айтқаннан баласы барлық бұйрықтарды орындап, сөзсіз бағынады. Ал кейбір ата-аналар үшін бедел — бұл қуанышты бала балабақшада немесе мектепте болған оқиғаларды сізге айтқанда көзіңізден құптау және қолдау тапса.

    Бедел ең алдыменбұл сыйлауӨз ата-анасын сыйлайтын бала бірден байқалады: мұндай бала бір айтқаннан өтінішіңді орындайды, оны қызықтырған сұрақ бойынша пікірін тыңдайды. Сонда қалай осы беделді жаулап алуға болады?

    Беделді жаулап алу күрделі, бірақ оны жоғалту оңайҰзақ уақыт балаға назар аудармауға болмайды, одан кейін тез арада сыйлықтар беріп және жақсы көріп беделді қайтарамын деу қате. Беделді әп-сәтте жоғалтуға боладыБеделді ұзақ уақытта жоғалтуға болады, баланың көзінше ата-аналардың ұрыс-керістері осыған әкеледі. Таңданудың қажеті жоқ, қорытындысында ата-ананың екеуі де беделдерін жоғалтады, ал бала дөрекі сөйлей бастайды, олардан теріс бұрылады.

    Кейбір ата-аналар балаға беделін күшпен қайтарамын деп кең тараған қате жібереді.Кез келген әрекет енді беделді қайтаруға еш жақсылық әкелмейді. Егер отбасында «тұлғаға табыну»  және ата-ана (көбінесе, әкесі) отбасы мүшелері үшін талассыз бедел болады, онда бұл отбасында, әсіресе балалар мұндай үй жендетінен қатты зардап шегеді. Кейде бала өзін отбасында беделмін деп, біреулерге еліктеп, дөрекі сөйлейді, ата-анасы қазір сені жазалаймын десе, мен өзім сендерді жазалаймын деп жауап береді.

    Қалайша беделді сақтауға болады?

    Естеріңізде болсын, бала есейген сайын, ол бәрін байқайды және көп нәрсені ескерген соң , солардың негізінде қорытынды жасайды.

    Неге өз балаң алдында бедел қажет?

    Біріншіден, егер сіз өз балаңыз үшін «бос орын» болсаңыз, онда сіздің ешқандай өтініш пен  сілтемелеріңізді ол тыңдамайды, және басқарусыз болып өседі.

    Екіншіден, отбасында үлкендермен сыйлы қатынасқа үйренген балаға өскенде, қоғамда бейімделуге жеңіл болады.қалыпты қатынастағы адамға биліктің сатыларында да жұмысқа орналасу жеңіл болады.

    Үшіншіденбалаға өз отбасында сенімді қатынас орнату жеңіл болады.

     Баланың беделін қалай жаулап алуға болады?

    1. Әрқашан есте сақтаңыз, сіз балаңыз үшін тек тірек қана емес, үлгі болуға тиіссіз.
    1. Айналаңыздағылармен өзіңізді құрметпен ұстаңыз және олардан да соны талап етіңізӨзіңізді кемсітуге жол бермеңіз, оның ішінде балаға даСонда бала сіздің бағалауға және жақсы көруге лайықты екеніңізге сенімді болады.






    Президенттің
    жолдауы

    Пайдалы сілтемелер