Интернеттегі балалардың қауіпсіздігі
2024 жылдың 15 қазанында «21 орта мектеп» КММ-де ZOOM платформасында «Интернеттегі балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Кездесуде Психикалық денсаулық орталығының маманы, психолог Ирина Ивановна Якимова сөз сөйлеп, бұл мәселенің өзектілігін айтып, ғаламторда қандай қауіп төніп тұрғанын айтып, ата-аналарға балаларын алаяқтардың айла-шарғысынан қалай қорғауға болатынын айтып берді. Сондай-ақ жиында полиция капитаны Мұқанова Динара Ерсайынқызы сөз сөйледі. Ол ата-аналарға балаларының өмірі, денсаулығы мен әл-ауқатына, сондай-ақ интернетте өткізетін уақытына жауапкершіліктерін еске салды.
16.10.2024
0