#«Қауіпсіз болашақ»
Әр адамның өмірі баға жетпес. Адамның ең маңызды құқықтары - өмір сүру құқығы және жеке қауіпсіздік құқығы. Ал өмірдің қауіпсіздігі өзіне және басқаларға жауапкершілікпен қарауға байланысты. Мектепте, үйде және көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтау біздің өміріміздің маңызды бөлігіне айналуы керек.
Балалардың мектептегі қауіпсіздік техникасы бойынша білімдері мен дағдыларын арттыруға бағытталған «Кәуіпсіз болашақ» жобасы аясында 22.01.24 пен 02.07.24 аралығында «Мектептегі қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сабақ барысында оқушылар үйде және көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін қайталап, қауіп түрлерімен танысып, үйден мектепке барар жолда қауіпті жерлерді анықтады.
06.02.2024
0