«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсімі .
«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсімі .
Республика күні қарсаңында мектепте үздік оқушыларды «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында бастауыш және орта мектептердің оқушылары қабылданды. Олардың барлығы патриот болуға, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, туған жерді сүюге ант берді. Жас жасұландықтар балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қосылу арқылы өздеріне үлкен жауапкершілік жүктейтінін жақсы түсінеді. Сондықтан олардың әрқайсысы мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, үздік оқуға ниетті. Қабылдау салтанаты концерттік бағдарламаға ұласты. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы жас жасұландықтарды осынау салтанатты да маңызды оқиғамен шын жүректен құттықтап, мектептің қоғамдық өмірінде табыс тілейді.
23.10.2023
0