"Мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету"
2023 жылғы 21.02. № 21 орта мектепте " Мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету" тақырыбында жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар қоғамдастығы алдында кәмелетке толмағандардың инспекторы З.Х.Жакина "Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу" баяндамасымен сөз сөйледі. Психолог И.Г.Баринова баланың психикасына әлеуметтік желінің әсері туралы, бала агрессиясының болу себептері туралы айтты. Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Н.К.Габдуллина ата-аналарды мектепте қолға алынған қауіпсіздік шаралары туралы таныстырды.
23.02.2023
0