«Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттың ұлы ұстазы»
17 ақпан күні №21 орта мектепте Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттың ұлы ұстазы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты – ұлы тұлғаларымызды ұлықтап, оқырман бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, тәрбиелеу.
А.Байтұрсынұлына арналған дөңгелек үстелдің оқушыларға және тыңдарман қауымға беретін танымдық, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор болды. Ұлт көсемі А.Байтұрсынұлының қазақ халқының руханияты үшін жасаған орасан зор еңбегі оқушыларға кеңінен насихатталды. Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде Қазан төңкерісіне дейін де, одан кейін де аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны ерекше зор тұлға екендігін атап айтты.Шараға қатысқан оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын білдірді.
20.02.2023
0