Дүниежүзілік балаларды қорғау күні
Жыл сайын 20 қарашада Дүниежүзілік балаларды қорғау күні атап өтіледі. Ол 1954 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілді, содан бері жылына бір рет 20 қарашада атап өтіледі.Бұл мереке балаларды тәрбиелеу мәселелерін, олардың жан-жақты дамуының қажеттілігін, отбасында және махаббат пен гүлдену атмосферасында өсудің маңыздылығын көрсету үшін тойланады.Дәл Дүниежүзілік балаларды қорғау күнінде БҰҰ Бас Ассамблеясы 1959 жылы Бала құқықтары туралы декларацияны, ал 1989 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны қабылдады.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 10 қарашадағы № 77-ХІІ Жарлығымен «Бала құқықтары туралы конвенцияны» мемлекетіміз ратификациялады.Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында 10 қараша мен 18 қараша аралығында мектепте сынып сағаттары өткізіліп, сынып жетекшілері, мектеп психологы, әлеуметтік педагог балалардың құқықтарын қызықты түрде түсіндірді.
22.11.2022
0