«Бақытты ана - бақытты бала – бақытты отбасы - бақытты ел»
Ана – тіршіліктің алтын арқауы. Асыл ана туралы қасиетті де құдіретті сөздер, аңыз - әңгімелер жеткілікті. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян.
Тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтерген баласын ақ сүтін беріп өсіретін, сонымен бірге адалдық, имандылық, адамгершілік қасиеттерді сәби бойына сіңіретін де – Ана. Сондықтан бар адамзат ананың алдында бас иеді.
Бүгін мектебімізде «Бала құқұғы - адам құқығы» республикалық онкүндігінің жоспарына сай «Бақытты ана-бақытты бала – бақытты отбасы - бақытты ел» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның ең басты мақсаты:
Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым-қатынасын нығайту;
Баламен дұрыс тіл табысуға, психологиялық қолдануға ой салу;
Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ата-анатың тәрбиесінің әдіс-тәсәлдерін меңгерту;
Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға деген тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ерекшеліктерін ашып көрсету.
Аналар іс-шара барысында бала тәрбиесіне байланысты көптеген білім алғанын айтып, мектеп психологі - Акмагамбетова Гүлден Қуанышбекқызына ерекше алғыстарын білдірді.