Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1515608258


"№21 орта мектеп" КММ
  • kz
  • ru
  • en
  • Жаңалықтар

    Ұстаздар күніне

    Елімізде қазан айының бірінші жексенбісінде ұстаздар кәсіби мерекелерін тойлайды. Бұл мереке қоғам мен елге қажетті іс – балаларды тәрбиелеу мен оқытуға, оларды қазіргі қоғамдағы өмірге дайындауға күнделікті өзін арнайтын адамдарды біріктіреді. Бұл мамандықта кездейсоқ адамдар жоқ. Бұрыннан белгілі шындық:  табиғатымен ұстаздыққа  келген адам ғана нағыз мұғалім бола алатыны. Таңертеңгілік ұстаздарды мектеп түлектері құттықтауларымен, тілектер мен жақсы көңіл сыйлау мақсатында  музыкалық әуенмен қарсы алды, күндіз сұхбат алды, құттықтау қағаздарын таратты. Сонымен қатар, мектепте «Дублер күні» ұйымдастырылды. 11-сынып оқушылары мектеп әкімшілігін, пән мұғалімдерін, сынып жетекшілерін сайлады. Балалар сабақты дайындауға және жаңа міндеттеріне үлкен қызығушылықпен және жауапкершілікпен қарады. Бүкіл күн қуанышты мерекелік атмосферада өтті. Оқытушылар мен оқушылар  өткізілген іс-шаралардан үлкен эмоционалдық қуат пен үлкен ләззат алды.







    03.10.2022
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президенттің
    жолдауы

    Пайдалы сілтемелер