2022 ж. 14 қыркүйекте 21-мектепте ата-аналар жиналысы өткізілді, онда осындай сұрақтар қарастырылды: бесінші сыныпта оқуға оқушының бейімделу ерекшеліктері, үйірмелер мен секцияларға оқушылардың қамтылуы, «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілерге тегін және жеңілдікпен тамақтануды ұсыну» мемлекеттік қызметі, кәмелетке толмағандармен әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алуда ата-аналардың рөлі, оқушылардың мектепте және қала көшелеріндегі қауіпсіздігі, сабақтан тыс уақытта оқушылардың қамтылуы.
Ата-аналар алдында мектеп психологі И.Г.Баринова сөз сөйледі, ол мектеп өмірінің жаңа кезеңінде өз балаларын қолдау бойынша бесінші сынып ата-аналарына ұсыныстар берді.
Әлеуметтік педагог С.Ю.Прасолова жеңілдікпен тамақтану үшін құжаттар рәсімдеудің ережелерін түсіндірді, сонымен қатар кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзғаны үшін жауапкершіліктері туралы ескертті. Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Н.К.Габдуллина мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру туралы, тамақтану режимі, ыстық тамақтың бағасы туралы айтты. Ата-аналардың назарын оқушылардың мектепте, үйде, көшедегі қауіпсіздік ережелеріне аударды.
Сонымен бірге ата-аналар алдында Оқушылар сарайының өкілдері сөз сөйледі, олар сол мекемедегі үйірмелер тізбесімен таныстырды.
Ата-аналарды әр түрлі бағыттағы үйірмелер қатты қызықтырды. Олар балаларының сонда баратынына сенімді болды.