Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1515608258


"№21 орта мектеп" КММ
  • kz
  • ru
  • en
  • Жаңалықтар

    Қазақстан халқы тілдері күні

    № 21 орта мектепте әдістеме бірлестігінің жылдық жоспарына сүйене отыра, Қазақстан халқы тілдері күні және А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған іс-шаралар өтті.
    Жоспарланған мектепшілік шараларға тіл мамандары мен оқушылар белсенді қатысты. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.Тілдер апталығы жоспар бойынша салтанатты сапқа тұру шарасынан басталды.Оқушылар мен әдістеме бірлестігінің ұстаздарының ұйымдастыруымен әдеби кеш,викторина,дөңгелек үстел форматында іс-шара іске асты. Тілдер апталығының жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау кезеңі 9 қыркүйек күні өткізілді. Тілдер апталығының салтанатты түрде жабылуына апталыққа қатысқан оқушылар, ағылшын,қазақ және орыс тілдері мұғалімдері қатысып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.



    10.09.2022
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президенттің
    жолдауы

    Пайдалы сілтемелер