Бірінші сыныпқа бірінші рет!
Еліміздің түкпір-түкпірінде бүгін шырылдап, мазасыз қоңырау тарады. Балаларды мектепке шақырады. 1 қыркүйек күні мектебімізге бірінші сыныбына 80- бала барды. Ересектердей олардың да салмақты міндеттері, өз істері болатын болды. Ол істері қуанышты да, қиын да және өте маңызды. Өйткені, олар оқуды, жазуды, санауды үйренеді, онсыз басқа ғылымды жеңе алмайсың. Демек, мектептегі ең маңыздысы 1-сынып екен. Құттықтаймыз, құрметті бірінші сынып оқушылары!
01.09.2022
0