«Кіші жастан экологиялық мәдениет» экологиялық жобасын жүзеге асыру аясында мектепте «Табиғатты қорғаңдар!», «Көктемгі алғашқы гүл» суреттер байқауы өткізілді. Бізде Солтүстікте ең бірінші өгейшөп ашылады. Біз оларды алғашқы гүл атаймыз. Бұл кішкентай гүлдер көз қызықтырады және суық түннен кейін жаныңды жылытады! Және бұл гүлдерге аралар келіп қонады, нектар жинайды және өз омартасына тасиды.
Алғашқы гүлдер сүйкімді және барлық халықтар қадірлейді.
Көне гректер алғашқы гүлді Олимптің емдік гүлі деп есептеген.
Ағылшындар оны жолға шыққанда тұмар ретінде өздерімен алып шыққан.
Көптеген славян халықтарында алғашқы гүлдер жазды ұзартатын алтын кілт ретінде саналған. Алғашқы гүлдер – ерекше гүлдер. Олар күн мен жарыққа қатты ұмтылады. Алғашқы гүлдер – ерекше гүлдер және оларға біздің қатынасымыз да ерекше. Ұзақ және түссіз қыстан кейін олар өздерінің түстерінің әр түрлілігімен және иісімен қуантады.
«Гүлдерді жұлма және гүлдер сенің барлық жолыңда өсіп тұрады» (Омар Хайям)