Қарашаның үші бастауыш сынып ата-аналары үшін психологиялық тренинг өтті.
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату мақсатында ұйындастырылды.
Педагог-психолог Гүлден Ақмағамбетова ата-аналамен, сынып жетекшілерімен тренинг мазмұны бойынша интерактивті диалог, әртүрлі жаттығулар мен тапсырмалар арқылы қызықты жұмыс жүргізді.
Тренинг қатысушылары 2,5 сағаттық кездесу барысында өздерін белсенділігін таныты, отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу нәтижесіндегі тәрбие стильдері ата-аналамен бірге талқыланды.
Ата-аналар өздерінің жағымды пікірлерін жазып, алғыстарын білдірді.