Мектепте оқудың басталуы әр баланың өмірінде шешуші сәт болып табылады. Және жаңа жағдайға қаншалықты жақсы бейімделсе, оған мектепте оқу жайлы болады. Көбінесе психологиялық ахуалға оқудағы табыс пен сыныптастарымен қатынасы қатысты болады. Бұл ұсыныстар ата-аналарға бірінші сыныптардың мектепке тез бейімделуіне көмектеседі. Нысан басы
Нысан соңы
Дұрыс уәждеме —табысты оқудың кепілі
Ата-аналар баланың мектепке бейімделуінде маңызды рөл атқарады. Олар нақты психологиялық жағдай туғыза алады. Жаңа өмір салтына үйренут кезеңі әр түрлі болуы мүмкін. Ол екі аптадан жарты жылға дейін созылуы мүмкін.
Көбі баланың психологиялық ерекшеліктеріне, оның дайындық деңгейіне, мектеп мекемесінің типіне және оқу бағдарламасының күрделілігіне қатысты.
Бірінші сыныптардың бейімделуі бойынша ата-аналарға ұсыныстар балада дұрыс уәждеме қалыптасуына қатысты. Нақ осыған қатысты, таңертең ол мектепке қандай ниетпен барады.Мектепке жаңа барған оқушының кез келген әрекеттері әкесі мен шешесінің тарапынан назар және қолдау күтеді. Егер бала отбасы тарапынан психологиялық тіректі сезсе, онда оның бойында қорқыныш болмайды, ал бұл баланың бейімделуіне өте маңызды.
Бірінші сыныптардың бейімделуі: ата-аналарға кеңестер
- Баланы мектепке күні бұрын әлі бала бақшада болған кезінен моральды дайындай бастау керек. Көктемнен бастап баланы мектепке апарыңыз, болашақ мұғалімімен таныстырыңыз. Алдын ала келісу бойынша онымен бірге бірнеше сабақта отырыңыз. Бұл оның 1 қыркүйекте мектепке келгенде таныс орынды көріп, оң көңіл күймен келуіне көмегін тигізеді. Дайындық курстарына бару міндетті емес, мұғаліммен сөйлесіп, курсқа бармай-ақ мектепке келуге болады.
- Баланың оқушы болып қалыптасуын қолдаңыз. Егер сіз оның істеріне байсалды қатынаста қызығушылықпен қарасаңыз, бұл оның жаңа жағдайға бейімделуге, өзіне сенімділігін арттыруға көмектеседі.
- Күн тәртібін құрыңыз, сол бойынша балаңызбен бірге орындайсыз.
- Балаңызға оқу мекемесінде нормалар мен ережелерді сақтау қажет екенін, оларды сақтаудың маңыздылығын түсіндіріңіз. Мектепте кездескен барлық қиыншылықтарда оны қолдаңыз. Әр адамның қателесуі мүмкін екенін, бірақ оған берілмеуді үйретіңіз.
- Мектеп өмірінің басында туындаған мәселелерді елемеңіз. Мысалы, егер балаңыз дұрыс сөйлей алмаса, логопедке апарыңыз, бірінші сыныптың соңына дейін жазылып кеткендей.
- Егер балаңыздың тәртібі алаңдатушылық тудырса, бұл туралы мұғаліммен немесе психологпен сөйлесу қажет. Кәсіби ұсыныстар бірінші сыныптардың ата-аналарына бұл оңай емес кезеңнен өтуге көмектеседі.
- Естеріңізді болсын, мақтау сөз — бұл жаңа жеңістерге ынталандыру. Кез келген жұмыста мақтауға себеп табуға тырысыңыз. Мектеп өмірінің басталуымен бірінші сыныптарда жаңа бедел туады — мұғалім. Ол туралы баланың пікірін құрметтеңіз, баланың көзінше мектеп немесе мұғалім туралы ешқандай сын айтуға жол берілмесін.
- Оқу өмір ырғағын толық өзгертсе де, баланың ойын мен демалуына уақыт қалдыру қажет. Уақыттың дұрыс ұйымдастырылуы көбірек үлгеруге көмектеседі.
Есте сақтаңыз, әр бала жекеленген. Бұл маңызды сұрақта ата-анаға кеңес осыдан басталады.Өз балаңның табысын өзгелермен салыстыруға біреуді мысалға келтіруге болмайды. Мұндай тәртіп баланың өзіне деген сенімін төмендетеді және оқу алдында қорқынышын тудырады.
Бейімделу бойынша бірінші сыныптардың ата-аналарына жадынама
Егер сіз балаңызға мектепке және оқу үрдісіне деген оң қатынас қалыптастырғыңыз келсе, бейімделу кезеңінде бірінші сыныптардың ата-аналарына арналған нақты кеңестерді ескеріңіздер.
- Баланы ақырын және мейіріммен оятыңыз, оның күні сіздің күлкіңізбен басталсын.
- Асықпаңыздар, есте сақтаңыздар, уақытты дұрыс есптеу — бұл сіздің міндетіңіз, баланы асықтырудың қажеті жоқ.
- Бірінші сынып оқушысына міндетті түрде таңғы асын беріңіз, тіпті ол мектепте тамақтанса да.
- Ешқашан баламен ескертумен қоштаспаңыз. Айтудың қажеті жоқ: «Байқа, екі алушы болма» немесе: «Еркелеме» және т.б. Одан да оған сәтті күн тілеңіз және мейірімді сөздерді аямаңыз.
- Баланы неше алғанын сұрап қарсы алмаңыз. Оған аздап демалуға уақыт беріңіз.
- Баламен мұқият болыңыз, егер бірдеңе айтқысы келсе, — тыңдаңыз. Ал егер өткен күнді талқылағысы келмесе, — мәжбүрлемеңіз.
- Оқудан келгесін бірден сабағын оқуға отырғызбаңыз. Баланың күші қалпына келгенше уақыт беріңіз.
- Жаттығуларын орындау барысында аздаған үзіліс беріңіз, балаңыз кішкене демалсын.
- Туындаған педагогикалық мәселелерді баланы қатыстырмай шешіңіз, қажет болғанда мұғаліммен немесе психологпен кеңесіңіз.
- Күнді оң түрде аяқтаңыз. Ертеңгі күннің тестілеуі немесе өзге қиындықтар туралы айтудың қажеті жоқ.