Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1515608258


"№21 орта мектеп" КММ
  • kz
  • ru
  • en
  • Ата-аналарға ақпарат

    Оқушыларға кеңестерТестілеу алдында. Сіздерге бланкілерді толтыру туралы қажетті ақпаратты хабарлайды. Сіздің табысыңыз қаншалықты барлық ережелерді мұқият есте сақтауыңызға қатысты.Тестілеу уақытында. Көзбен жүгіртіп өтіңіз қандай типтегі тапсырмалар екенін байқау үшін: 1. Сұрақты соңына дейін мұқият оқып шығыңыз, оның мағынасын дұрыс түсіну үшін.

    1. Жауабын жақсы білетіннен бастаңыз, көп ойланатын тапсырманы кейінге қалдырыңыз.
    2. 4. Осы тапсырманы ғана ойлаңыз! Жаңа тапсырманы орындағанда, бұрынғыны ұмытыңыз. Есіңізде болсын, тестің тапсырмалары бір-бірімен байланысты емес. 5. Қиын тапсырмаларға оралыңыз. 6. Көптеген тапсырмаларды тезірек шешуге болады, егер бірден дұрыс жауабын іздемей, ал  біртіндеп дұрыс еместерін шығарып отырса. Шығарып тастау әдісі  соңында бір-екі жауапқа  ғана тоқталуға мүмкіндік туғызады. 7. Өз жұмысыңызды тексеру үшін уақыт қалдырыңыз, көзбен жүгіртіп қарап ап-айқын қателерді байқауға. 8. Егер жауап таңдауына сенбесеңіз, көкейкөзіңізге сеніңіз. ТҮЛЕКТЕРГЕ ПСИХОЛОГТІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ: ЕМТИХАН ТАПСЫРУҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК Емтиханға дайындық Ø Алдымен орын дайында: үстелден артық заттарды алып таста, қажетті оқулықтар, көрнекіліктер, дәптерлер, қағаз, қарындаштар және т.б. ыңғайлы орналастыр.Ø Бөлменің ішкі көрінісін сары және күлгін түстермен бояуға, өйткені олар  зияткерлік белсенділікті арттырады.Ø Сабақтың жоспарын құрастыр. Дайындықтың әр күніне жоспар құрғанда, нақты анықтау қажет, бүгін не оқылатынын. Жалпы: "кішкене дайындаламын" емес, нақты тараулар мен тақырыптар.Ø Ең қиынынан баста, бәрінен нашар білетініңнен. Бірақ егер саған қиын болса, онда саған қызықты және жайлы материалдан баста.Ø Сабақ пен демалысты кезекпен пайдалан, айталық , 40 минут сабақ, одан кейін 10 минут - үзіліс.Ø Барлық оқулықты жаттауға тырысудың қажеті жоқ.Ø Жоспарлар, сызбалар есебінен құрылымдау пайдалы, қағазда болғаны дұрыс. Материалды қысқа қайталау кезінде оларды оңай қолдануға болатынымен де жоспарлар пайдалы. •Ø Бұл пән бойынша көбірек жарияланған тестерді орында. Бұл жаттығулар сені тест тапсырмалары құрылымымен таныстырады. •Ø Қолыңа секундомер алып, тесті орындау уақытын біл ( А бөлімінің тапсырмаларына шамамен 2 минут кетеді).Ø Емтиханға дайындалу барысында, тапсырманы орындай алмаймын деп ешқашан ойлама, керісінше зор жеңіске жеткен суретті ойша келтір.Ø Емтихан алдында бір күн қалдыр, барлық жауаптардың жоспарларын қайта қарап шығу үшін.Ø  АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГТІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ: БАЛАЛАРДЫҢ ҰБТ-ға ДАЙЫНДАЛУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫØ - Балдар санына қобалжымаңыз, және емтиханнан кейін сынап-мінемеңіз. Балдар санының олардың мүмкіндік шегі емес екеніне сендіріңіз.Ø - Емтихан қарсаңында баланы қобалжытпаңыз – бұл тестілеу нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін.Ø - Баланы сергітіңіз, істеген істері үшін мақтаңыз.Ø - Өздеріне сенімдерін арттырыңыз, өйткені бала сәтсіздіктен қорқа берсе, қате жіберуі де көбеюі мүмкін.Ø - Баланың көңіл күйін бақылаңыз,ешкім сізден басқа, баланың жағдайын байқап, өзгерте алмайды.Ø - Бала дайындығының режимін бақылаңыз, қатты шаршауға жол бермеңіз, дайындық пен демалысты кезекпен қолдануды түсіндіріңіз.Ø - Үйде дайындық үшін жайлы орын қамтамасыз етіңіз, үйдегілерден ешкім кедергі жасамасын.- Баланың тамағына назар аударыңыз. Келесі азық-түліктер, балық, ірімшік, жаңғақ, өрік және т.б.бастың ми жұмысына себепші болады.Ø - Емтихан алдында толық демалыспен қамтамасыз етіңіз, ол демалуы қажет және ұйқысы қануы қажет.Ø Есте сақтаңыз: ең бастысы - бұл баланың қорқынышын төмендету және дайындыққа қолайлы жағдайды қамтамасыз ету. ҰБТ-ға ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА ҰСЫНЫСТАР Жалпы ұсыныстар 1. Оқу материалын күндер бойынша бөлуге, күнделікті жүктемені анықтауға, жоспар құруға балаларға көмек көрсету қажет. Жоспар құру үрейді жеңуге көмектеседі: бала емтиханға дайындалып үлгеретініне сенеді, бұл үшін оның уақыты жеткілікті. 2. Күн тәртібінің үлкен маңызы бар. Маңызды, баланың демалуы қажет. Кейде айғай-шу оларға қосымша жүктеме болады. Мысалы, компьютерлік ойындар тек шаршауларын ұлғайтады. Күні бойына 45-60 минуттан кейін қысқа үзілістер жасау қажет. Бұл жоғары жұмысқа қабілеттілікті сақтайды 3. Баланың ұйқысы қануы да маңызды. Кейде түнде дайындалып, кеш жатқанда, ұйқылары қанбай, тез шаршап қалады. Одан да таңертең ұйқылары қанған соң дайындалған жөн. 4. Үйге көмек туралы сұрақты баланың ерекшіліктері есебінен жеке тәртіпте шешу қажет. 5. Бұл кезеңде біздің эмоционалды көңіл күйіміздің ерекше маңызы бар. Балаға біздің оған сенетінімізді айту қажет, алайда нәтиже төмен болса да, еш қорқыныш  болмайтынын түсіндіру қажет. Егер бала түсінсе, сәтсіздік жағдайында да өмірдің әрі қарай жалғасатынын, бұл оған сенімдірек болуға көмектеседі.

    Ата-аналар үшін ұсыныстар Дайындық кезеңінде. Баладан оның қолынан келмейтін нәрсені күтудің қажеті жоқ: «Кейбір түлектер таңертеңнен кешке дейін дайындалады, ал сен екі сағаттан кейін шаршап қалдың» деуге болмайды. Бала  жалған істемейді – оның жеке ерекшеліктері осындай. Маңызды, баланың демалуы қажет. Уақытында ұйықтауы қажет.

    Тестілеуден кейін. Емтихан аяқталғаннан кейін сіз оның нәтижесін еш өзгерте алмайсыз. Балаңыздың алған нәтижесін талдап әуре болмаңыз. Бұл жағдайда кез келген талдау оның көңіл күйін түсіреді. Одан да оған демалуға мүмкіндік беріңіз немесе уақытты қалай тиімді пайдалануға болатынын ойлаңыз.

    Президенттің
    жолдауы

    Пайдалы сілтемелер