Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1515608258


"№21 орта мектеп" КММ
  • kz
  • ru
  • en
  • Ата-аналарға ақпарат

    Балалар мен жасөспірімдердің жыныстық тұтастығы туралы жадынама

     Өмір және денсаулық– адамның ең қымбат дүниелері. Балалар сенгіш және бейғам, қылмыскер кез келген балаға қажетті кілт тауып алуы мүмкін.  Зорлаудан қашуға болады, бірақ бұл үшін қажет: бала көшеде немесе үйде жалғыз қалғанда тәртіп ережелерін түсіндіру. Бала үшін дос болу, өз қайғысымен бөлісе алатын; және оның достарымен және олардың ата-аналарымен қатынас құруды қолдау; баланы көшеге жалғыз жібермеу керек (бала достарымен қыдырғанда, қылмыс жасау мүмкіндігі төмендейді); баланың не қарайтынын білу (сексуалды және зорлау көріністерімен фильмдер қарауына жол бермеу). Бұл үшін Сіздің балаңызға мәңгібақи есіне сақтау қажет Бес “болмайды” ережесін.
    1.Танымайтын адамдармен көшеде сөйлесуге және оны үйге кіргізуге болмайды.
    2. Олармен бірге подъезге және жеделсатыға кіруге болмайды.
    3.Бөтен машинаға отыруға болмайды.
    4.Танымайтын адамдардан сыйлық алуға және олармен бір жаққа баруға болмайды.
    5.Жалғыз өзіне көшеде кешігуге, әсіресе қараңғы түскен кезде болмайды.

    Көшедегі тәртіп ережелеріКөшеде тіпті күндіз де балаларға көптеген қауіп кездеседі. Егер саған бөтен адам тиіссе, не істеу керек:
    1. 
    Адамы көп жаққа қаш.
    2. Е
    гер кешке жалғыз бір жаққа бару қажет болса, онда аяғыңды тез және сенімді бас және қорқынышыңды көрсетпе; сенім білдірген әйелге немесе қарт адамдарға жақында және олармен қатар жүр.
    3.
    Автобуста жүргізушіге жақын отыр және келесі сенің аялдамаң екенін білдірмей соңғы сәтте шық.
    4.
    Апарып тастайын деген ұсынысқа немесе жолды көрсет дегенге жауап берме. Жолды көрсетемін деп машинаға ешбір жағдайда отырма.
    5. Алысқа және адамы жоқ орынға барма. Қараңғы түскенде автобустан түскен адамдар тобымен бірге жүр. Алдыңда топ адамдарды көрсең, басқа көшеге өтіп кет немесе бағытыңды өзгерт.
    6. Егер автомобиль сенімен қатар ақырын жүре бастаса, көшенің басқа жағына өтіп кет. Қауіпсіздік ережесін сақтаса, сіздің балаңыз қауіптен құтыла алады, күрделі жағдайда дұрыс шешім қабылдайды.

    Баламен қатынас бойынша ата-аналар және педагогтер үшін жадынама
    1. Баланың сізге деген сенімі мен махаббатын бағалаңыз: бұл ең қымбат сіз үшін.
    2.
    Бала үшін сіздің оған бөлген уақытыңыз үлкен сыйлық болады.
    3.
    Баланы жүрекпен тыңдаңызбұл ең сезгіш.
    4.
    Баланы өзге балалармен салыстырмаңыз. Оның басқаболуға құқығы бар, және ол қайталанбайтын.
    5. Б
    аланың қандай сезімде екенін ойлаңыз. Көбінесе бала тәртібі оның эмоционалды жағдайына қатысты.
    6.
    Баланың сезімдері сіздікі сияқты мәңгі емес. Ол үнемі ашулана бермейді. Бұл өтеді.
    7. Бала өзі шешім қабылдай алады.
    8. Жаман әдеттерден аулақ болуды түсіндіріңіз.
    9. Баланың тұлғасын жәбірлеумен және менсінбеумен бұзбаңыз.
    10. Баланы ұрмаңыз. Ешкімде мұндай құқық жоқ.
    11. Балаға қоятын талаптарыңызды оның жас ерекшеліктерімен сәйкестіріңіз.
    12. Балаға қателесуге жол беріңіз. Сіз де қателесесіз ғой.
    14. Баланы тыңдауға уақыт табыңыз. Кейде ол өзі туралы, өз мәселелері туралы айтқысы келеді.
    15. Есте сақтаңыз, бала үлкендердің мәселесіне жауап бермейді.
    16. Есте сақтаңыз, балаңыз сізден үйренеді және сізге ұқсағысы келеді.
    17. Әрқашан барлық жағдайда баламен шыншыл болыңыз: өз сезіміңізді білдіргенде, баланы тыңдаған кезде, оған ескерту жасаған кезде. Егер құптасаңыз – шын ниетпен құптаңыз. Егер сіз бір нәрсені айтып, ал мүлдем басқаша сезімде болсаңыз, бала оны байқайды және онда сенімсіздік пайда болады.
    18. Баланы сізден бөлек және сізге ұқсамайтын тұлға ретінде қабылдауға дайын болыңыз. 19. Егер бала сезімдерін білдірсе – мақтамаңыз және ұрыспаңыз.
    20.Өзгелердің көзінше балаға ескерту жасамаңыз. Онымен жеке сөйлесіңіз.

    Президенттің
    жолдауы

    Пайдалы сілтемелер