Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1515608258


"№21 орта мектеп" КММ
  • kz
  • ru
  • en
  • Сенім телефоны

    Сәлеметсіздер ме! Сіздерді «№21 орта мектеп» КММ әлеуметтік-психологиялық қызметі қарсы алады

    Жағдайлар бар, кейде көмек пен қолдау дәл қазір қажет, мерекелерге, күнтізбеге, тәулік уақытына қатысты емес!

    Психолог-консультантқа көмек үшін келу — бұл қиын реніш, күнә, үрейден құтылудың бірінші қадамы. Бұл жай және ренішіңді шығарудың қол жетімді тәсілі, жағдайға өзге тараптан қарау, ушығуын болдырмау және мәселені шешудің жолы.

    Психологиялық көмек телефоны қаралу жағдайында жасырын әрі құпия болуына кепілдік береді.

    Психолог-консультанттар сіздің кім екеніңізді көрмейді;
    телефон нөмірін, қайдан хабарласқаныңызды білмейді, өйткені нөмірлер анықталмайды;
    Сізді сөздеріңізден ғана біледі, өз деректеріңізді айтпауға болады, кез келген атпен өзіңізді атауыңызға болады;
    Ата-аналарыңыз, мектебіңіз, достарыңыз туралы ақпарат сұрамайды;

    Ақпаратты үшінші тұлғаға, әлеуметтік қызметке жеткіздейді. Қоңыраулар жазылмайды және тыңдалмайды, мамандар өзгеріп отырады және  егер сіз бірнеше рет хабарлассаңыз, онда әр түрлі адамдармен сөйлесесіз.

    Психолог-консультанттың міндеті адамның қайғысын, тарығуын жеңілдету, жалғыздығын ойлатпау, және ешкімге айта алмаған сырымен бөлісу, оған жаны ашу және түсіну қажет. Не туралы айту керек? Қандай жағдайда сізге қаралуға болады?

    Ойлаудың қажеті жоқ, сіздің мәселеңіз соншалықты маңызды емес: егер бірдеңеден үрейленсеңіз — психологпен сөйлесіп күйзелістен құтылуға болады.
    Егер көмек сұрауға тәжірибеңіз жоқ болса да, хабарласыңыз бұл мақала көмектеседі.
    - Міндетті түрде хабарласыңыз, егер қорқынышты, көңілсіз, ашулы немесе күйзелсеңіз, тіпті нақты мәселені шешу күрделі болса.
    - Егер сіз қиын өмір жағдайында қалсаңыз, егер өз өміріңіз және оның мағынасының құндылығы туралы сұрақтар туындаса, денсаулыққа байланыстыөмірден түңілсеңіз, онда жедел хабарласыңыз. Кейінге қалдырмаңыз!!!
    - Қатынастағы қиындықтар (жанжалдар/отбасында түсініспеушілік (ата-аналармен, әжелермен және аталармен, ағалармен және әпкелермен; досыңмен ұрыс/құрбыңмен; жігітіңмен/қызыңмен түсініспеушілік;; баянсыз махаббат; мектепте мұғаліммен жанжал; буллинг).
    - Егер сіз бірінші рет осындай жағдайда қалсаңыз, не істеу керек екенін білмесеңіз — онда басқа жақтан көзқарас қажет. Бұл келесі сәттерге қатысты (жаңа орынға көшу; жаңа мектепке ауысу; қателік жасап, оның шешімін білмеу; ата-ананы алдадыңыз және оны мойындау; үйден кетіп қалдыңыз; жаман компанияға тап болу; киберугроздың құрбаны болу; жоспарланбаған жүктілік; сізге есірткі ұсынады немесе заңды бұзатын әрекетке шақыру; сізді қорқыныш пен үрей жетелейді; қиын жағдайдағы досыңа көмек, бірақ қалай көмектесуді білмейсіз; үйде жалғыз қалу қорқынышы; ата-ананың айрылысуы немесе ұрыстарынан уайым; жақын адамыңның болмауы).
    - Егер сіз мектеп өміріне және оқуға байланысты қиындықтармен ұшырассаңыз (алдағы емтиханды/бақылауды уайымдау; оқуда табыс болмауы; мектептен кейін мамндық таңдау; мектепке барғыңыз келмеу; оқуға қызығушылық жоғалту, оқу не үшін керек деп ойлау; өз уақытыңызды жоспарлауда қиындық; оқу жүктемесінен стресс; бәрі шаршатты, ештеңе істегіңіз келмейді).
    - Егер өз-өзіңізге қатысты қиындықтар, (сыртқы түріңіз ұнамайды немесе сіз бір ерекшеліктен ұяласыз; ештеңе істей алмайсыз, өйткені сізді бәрі сынайды; сіз өзіңізге сенбейсіз; қорқасыз  немесе өзге адаммен танысуға ұяласыз; басқаның пікірі үшін қатты уайымдайсыз). - Егер сіз өз балаңыздың тәртібіне немесе оның психикалық денсаулығына алаңдасаңыз, онымен қалай сөйлесуді білмесеңіз, Не істеу керек, егер балаңыз үнемі жүйкесі жұқарады, жылайды және сізбен жанжалдасады?Бұл мысал ретіндегі мәселе, ал өмірде әр түрлі жағдайлар болады. Егер сіз бұл тізімнен өз мәселеңізді таппасаңыз, бәрібір психологтер онымен жұмыс істейді.

    Егер психологтің сізге көмектесетініне сенбесеңіз, онда сіз консультациядан не күтуге болады деп жай әңгімеге құрыңыз.

    Психологиялық қызметтің телефонынан психологтің консультациясын алу үшін алдын ала жазылудың және бірнеше күн немесе апта күтудің қажеті жоқ. Тек қана 88000808150 нөмірі бойынша хабарласасыз, консультанттар жұмысты екі тілде жүргізеді.

    Телефонға қаралғанда бірнеше психологтермен сөйлесуге мүмкіндік бар. Олардың жұмыс стилі әр түрлі, әр түрлі тәсілдер, және бұл жағдайға әр түрлі көзқараспен қарауға болады. Бірінші қоңырау шалғаннан кейін сіз бірдеңені түсінесіз, екінші қоңырау одан да сәтті болуы мүмкін. Байқап көріңіз. Сіз қоңырау санымен шектелмейсіз және барлық қоңырау шалу - тегін. Егер сіз сөйлесуді аяқтау керек деп сезінсеңіз, онда кез келген сәтте қоңырауды үзуге болады. Психологиялық көмектің Телефоны балалар, жасөспірімдер және ата-аналар үшін қол жетімді.

    Егер сізге психологиялық көмек қажет болса, сіз келесі телефондар бойынша хабарласа аласыз:







    Педагог-психолог    Баринова  И.Г.

    тел. 87475379045 inna.barinova@bk.ru

    Инклюзияны қолдау кабинетінің педагог-психологі Моор О.А.

    тел. 87078976221 olesya.moor.83@mail.ru

    Педагог-психолог  Жусупова А.Б. 

    ( мемлекеттік тілде оқыту сыныптары)

    тел. 87751714109 aisulu.zhussupova@bk.ru

    Егер Сізге хабарласу қиын болса, сізге электронды поштаның мекенжайына  жазуға болады.

    Президенттің
    жолдауы

    Пайдалы сілтемелер