Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1515608258


"№21 орта мектеп" КММ
  • kz
  • ru
  • en
  • Статьи

     «Махаббат» түсінігіөте көпқырлы және оған әр адам өз түсінігімен қарайды. Махаббат адам туралы қамқорлықты көздейді, қиындықтар мен жанжалдарды жеңу,  кешірім және сенім, оның қолайлы болуын тілеу және т.б.Махаббат сөздерін өз өмірінде әр адам тыңдағысы келеді, жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамастан . Көптеген бақылаулар мен ғылыми деректер көп адамдардың махаббаттың жетіспеушілігінен зардап шегеді деген. Бәрімізге белгілі, көбінесе отбасылыларға қарағанда жалғыз тұратын адамдар жиі ауырады. Ғалымдар ежелден дәлелдеді, махаббатқа бөленіп өскен бала бақыттырақ және қолайлырақ болып өседі. Махаббат біздің баламен табиғи қатынасымызда пайда болады, біз одан ештеңе күтпеген кезде. Бірге демалғанда, ойнағанда, кешке диванда құшақтасып бірге отырғанда, қызықты оқиғаларға бірге күлгенде, оның әңгімелерін тыңдағанда қолдаймыз, сабырлылыққа шақырамыз. «Шартсыз қабылдау». Баланы шартсыз қабылдау – яғни оны сұлулығына, ақылдылығына, қабілетіне, үздік оқитынына қарамастан, жай  ғана, оның бар болғаны үшін! Махаббат баланы қандай болса, сондай болуымен қабылдауды көздейді. Ал сізді ол жай, ата-анасы болғаныңыз үшін жақсы көреді. Қалыпты дамудың қажетті шарты – басқаға керек екеніңді сезіну. Бұл қажеттілік қанағаттанады, сіз балаңыздың сіз үшін қаншалықты қымбат екенін айтқанда, немесе келесі сөздер: «Сенің болғаның қандай жақсы», «Сені көргеніме қуаныштымын», «Сенің үйде болғаның маған ұнайды», «Сенің бірге болғаның қандай жақсы». Махаббаттың байқалатын бір тәсілі құшақтау болып табылады. Медиктер мен  психологтер құшақтаудың отбасында ең қажетті екенін бір ауыздан қажет деп шешті. Олар адам мінезін бұзбайды, әрқашан қол жетімді, бәріне жағымды, кез келген жастағы адамға қажетті. Бұл махаббатты білдірудің сыртқы түрі болса да, алайда  құшақтау бірден ішкі әсерді көрсетеді. Белгілі отбасылық терапевт Вирджиния Сатир баланы күніне бірнеше рет құшақтауды ұсынған, төрт рет құшақтау өмір сүруі үшін қажет деген, ал көңіл күйі көтеріңкі болуы үшін күніне сегіз реттен кем емес құшақтау қажет деп тапқан! Және бұл балаға ғана емес, үлкендерге де қажет. Әрине, балаға мұндай белгілертамақ сияқты қажет, өсіп келе жатқан ағзаға. Олар оны эмоционалды сіңіреді. Тағы бір өз сезіміңді білдіру тәсілі – сыйлықтар беру. Қағаздан жүректі қиып алып, оған өз ұлыңыз немесе қызыңызға махаббат сөздерін жазу. Қорытынды. Ойлар мен эмоцияларды салыстыра келгенде келесі формуланы шығаруға болады! «Ата-ана махаббаты = сенім + қабылдау». «Балалар тостаған секілді. Бұл тостағандар махаббатқа толғанда, олар өздері өз махаббаттарын беруге дайын, сонда олар сүйікті балалар болады. Бірақ олардың тостағандары бос болса, олардың беретін ештеңелері болмайды» Әрқашан сіздің балаңыз сіздің махаббатыңызға толы болсын. Сүйіңдер және сүйікті болыңдар.

     

    President's
    message

    Пайдалы сілтемелер