Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1515608258


"№21 орта мектеп" КММ
  • kz
  • ru
  • en
  • Ата-аналарға ақпарат

    «№ 21 орта мектеп» КММ

    Ата-аналар үшін психологтіңконсультациясы

    дайындаған педагог-психолог О.А.Моор

     

    «Үйде сабаққа дайындалу үшін жұмыс кеңістігін қалай ұйымдастыру керек»

     

    Жұмыс орнын ұйымдастыру — бұл ас үстелін терезенің алдына қою емес. Табысты оқу және баланың денсаулығын сақтау үшін  оқушының жұмыс орны тек жайлы әрі функционалды болып  қана емес, дұрыс таңдалған жиһазбен  және ойластырылған сақтау жүйесімен әрі эстетикалық тартымды болуы қажет.

    Оқушының оқу орнын ұйымдастыру бойынша кеңестер

    Басты ереже: өз оқу орнын оқушы өзі құрауы қажет.Онымен бірге таңдаңыз, кеңес беріңіз, қалай жайлы әрі әдемі болатыны туралы, бірақ ол үшін шешім қабылдамаңыз. Оның қызығушылығы мен жасын ескеріңіз. Сонда ол сабаққа дайындалуға оң эмоциямен отырады, ал бұл сапалы білімнің кепілі

    Мектеп парталары стандарт бойынша жасалған , үйде үстел мен орындықтың биіктігі, арқасының бұрышы және өзге реңктері туралы ата-аналар қамқор болулары қажет

    Ыңғайсыз үстел мен орындықтан баланың арқасы шаршап қана қоймайды, сонымен бірге оқуға дайындыққа отыруы қиындық тудырады. Үстелдің биіктігі бала бүкіреймейтіндей болуы қажет, ал оның шынтақтары  үстелдің үстіңгі тақтайында бос болулары қажет. Орындықты таңдау үшін, баланың оған отыруын өтініңіз. Тізелері тіке бұрышта, ал табандары еденге тиіп тұрулары қажет.жиһазды реттегіш параметрлерімен табуға боладыоны балаға дәл етіп келтіруге болады және ол баламен бірге «өседі».  

    Кіші жастағы балаларға құрылымдау қиындау болады, сондықтан  бөлшектер  және түс гаммасының көмегімен оларға назар аударуға тура келеді. Тым ашық түстер алаңдатады, ал сұр түс зеріктіреді. Ашық қосымша жиһаздармен сарғыш және  пастель түсті реңктер үйлесімді болады. Пастель түсі оқушыны байсалды түрге енгізеді, ал түрлі түсті лампа немесе қарындаш қойғыш оның көңіл күйін көтереді және шығармашылығын арттырады. Мұндай түс жоғары сынып оқушыларына да жарамды. 

    Дұрыс жарықтандыру көруді сақтауға көмектеседі. Жұмыс үстелін терезенің алдына немесе оның қасына табиғи жарық үшін қойған үйлесімді. Бірақ бәрібір лампа қажет болады. Ол оңқайлар үшін сол жақта, солақайлар үшін оң жақта болуы қажет. Ұсынылатын қуат —  80 Вт дейін, ал оның жарығы жұмсақ болуы қажет. Бұл үшін абажур таңдау қажет. 

    Тіпті жай оқушыларға да компьютерсіз қиын( бірде баяндама, бірде презентация жасау қажет болады). 

    Балаға компьютерді орнатқанда оның пайдалануына жеңіл болуын ойластыру қажет. Жоғары жылдамдығымен интернетке қосыңыз, установите браузер және антивирус бекітіңіз, гарнитура алыңыз. Сонда оқушы бейнесабақтар қарай алады, сұрақтарға жауап іздейді және толығымен онлайн үлгіде айналысады. Бұл қажетті материалды үзіліске қоюға, қайта айналдыруға, тездетуге немесе ақырындатуға қолайлы.  

    Оқу үшін тіпті қабырғаны пайдалануға болады. Үстелдің үстіне немесе оның жанына әр түрлі формулалар және шетел сөздерін ілуге болады. Бала оны үнемі көреді және еркін жаттайды. Нұсқа ретінде уәждемелі плакаттарды ілуге болады, олар сабаққа ынталандырады. 

    Сонымен қатар оқушыға жоспарлау үшін магнитті және бормен жазатын тақта қажет болады. Оған сабақ кестесін жазуға немесе жеке тақырыптарды талдауға болады. 

    Ыбырсыған үстел — жұмыс істуге минус. Егер үстелде шкаф және қажетті заттарды: кітап, қағаз, дәптер т.б. салатын жәшік болса, жақсы болады. Бала барлық қажеттілерді оңай және тез тауып алуы керек. Үстелдің үстінде сөре, қосымша тумбочка, стеллаж болса, тәртіпке келтіруге көмек болар еді. 

                                                                ⌘⌘⌘

    Оқушының дұрыс ұйымдастырылған орны денсаулығын сақтайды, сабаққа дайындыққа көмектеседі. Оқушының дайындалғысы келетін орны болса, ең маңыздысы осы. Ол өзіндікке және ұқыптылыққа көмектеседі.

    President's
    message

    Пайдалы сілтемелер